Алматы қаласы Білім басқармасының
«№46 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727)303-44-77
Әдіскер:
+7(727) 303-44-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республика күні
23
қазан
2025

Республика күні

https://ru.bilimainasy.kz/23-10-25-02/
Алматы қаласы, Әуезов ауданы №46 бөбекжай-балабақшасында Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Бұл мерекелік шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа Отанға деген сүйіспеншілікті ұялату, еліміздің рәміздері мен тарихына құрмет сезімін арттыру болды.
Мектепалды даярлық “Балдырған” тобының тәрбиеленушілері өздерінің кішкентай жүректерінен шыққан ыстық ықыластарын ән-жыр, би және көріністер арқылы жеткізді. Балалар сахна төрінде көк туымызды желбіретіп, «Жаса, Қазақстан!», «Менің елім!» секілді патриоттық әндерді нақышына келтіре орындады. Сахна безендірілуі мен киімдердің ұлттық нақышта болуы мерекенің сәнін келтірді.
Іс-шара барысында балалар Отан туралы өлеңдер оқып, еліміздің тәуелсіздікке жету жолындағы ерлікке толы тарихына арналған көріністер көрсетті. Кішкентайлардың жанарына ұлтқа деген мақтаныш сезімі ұялап, олардың әр қимылынан елін сүйетін жас ұрпақтың рухы сезілді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив