Алматы қаласы Білім басқармасының
«№46 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727)303-44-77
Әдіскер:
+7(727) 303-44-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту
16
қазан
2025

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту


   Дайындаған логопед: Ибраимова С.О

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту

Тіл арқылы бала айналадағы ортамен танысады, өзінің сезім-күйін еркін білдіреді. Өз ойын сөзбен жеткізуге қажеттілік жасына қарай кеңейіп, өзгереді. Сөйлеу тілі қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасаумен қатар әлемді тануға көмектеседі. Бала біртіндеп қарапайым құрылымдардан күрделі сөздерге қарай тілді меңгере бастайды. Адам өмірінде қарым-қатынас аса маңызды, ал қарым-қатынас сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан шыр етіп дүниеге келген бала қоршаған ортамен, анасымен дыбыс, тіл арқылы қарым-қатынас жасайды. Бірақ сөйлеу тілін меңгеру процесі барлық балаларда ойдағыдай бірдей жетіле бермейді. Кейбір балаларда оның жетілу барысы кешеуілдейді, екіншілерінің сөйлеу тілдеріндегі дыбыстардың айтылуы бұзылады немесе бұрмаланады, үшіншілерінде сөздердің және сөйлемдердің құрылымы немесе олардың мағыналары бұзылады. Бала тілінің бірден қалыптаспауы, оның бірден жақсы сөйлей алмауы ата-ананы қинайды. Мидың даму процесі белгілі бір кезеңге жеткенде ғана балалар дұрыс сөйлей бастайды. Бұл – асығуды қажет етпейтін көп уақыттық процесс. Мәселен, сәби үш айлық кезінде еліктеу дыбыстарын шығара бастайды. Бес-алты айлығында гуілдеп, жеті айлығынан бастап жеке дыбыстардан буындар құрап үйренеді, бір жасқа келгенде бес-он сөз айта алатын болады. Біртіндеп баланың сөздік қоры ұлғайып активтік және пассивтік сөз қоры пайда болады. Активтік дегеніміз - бала өзі айтқан сөзінің мағынасын түсінетін сөздер де, пассивтік дегеніміз өзі айта алмайтын, бірақ өзге адам айтқанда түсінетін сөздік қоры. Сондықтан бір жасқа жеткен бала әлі дұрыс сөйлей алмаса, оған қайғырудың қажеті жоқ. Бала сөйлей алмаса да, ересектердің айтқан сөзін ұқса, айтқанды дұрыс орындай білсе, онда уайымдауға ешқандай негіз жоқ. Баланың тілі шыға бастаған кезде онымен дұрыс сөйлесу қажет. Баланың сөз қорының баюына, дұрыс сөйлеуіне қоршаған орта, үлкендердің сөздік қоры жақсы әсер етеді. Үлкендердің сөзі анық, асықпайтындай және дұрыс болуы керек. Кейбір ата-аналар баланың сөзімен сөйлеймін деп сөзін бұрып айтады, олар балаға түсінікті деп ойлайды, ол дұрыс емес. 3 жасында баланың сөйлем құрауы артады және күрделірек бола бастайды, ал сөздің айтылуы жақсарады. Үш жасқа дейін бала сөйлей алмаса, онда мамандардан кеңес алу қажет. Кейбір ата-аналар баласы өзі жай сөйлегісі келмей тұр деп өздерін басып, көп уақыт өткізіп алып көмек сұрайды. Бала 5–6 жаста ана тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс айта білуі керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың арасында кейбір дыбыстарды бұзып, орнын алмастырып, шатастырып айтуы жиі кездеседі. «Есейген соң өзі түзелеп кетеді», - деп көбінесе ата-аналар ондай ақауға көңіл бөле бермейді. Дыбыстың айтылуындағы бұзылыстар баланың оқу, жазу дағдыларының, мінез-құлқының қалыптасуына, сабақ үлгеріміне кері әсерін тигізеді. Негізінде төрт – бес жаста барлық сөйлеу қателіктері жоғалады, бірақ ол үлкендердің сөзді дұрыс айтуына байланысты. Сондықтан баланы кішкентай кезінен бастап әдемі, дұрыс, таза сөйлеуге үйрету керек. Тіпті кішкентай сөзді бұзып айту баланың тәртібі мен қызметіне әсер етеді. Нашар сөйлейтін балалар өзінің кемшілігін өте тез ұға бастайды. Олар тұйықталып кетеді, ұялшақ, шешім қабылдай алмайды, нәтижесінде қиыншылықтар кездесе бастайды, үлгерімі төмендейді, өзіне деген сенімсіздігі пайда болады, коммуникативтік белсенділігі нашарлайды. Сөйлеуді дамытуда толық есту қабілеті өте маңызды фактор болып табылады. Дыбысты бала туғаннан бастап қабылдайды: басында бұл дыбысқа жай ғана қарашығының үлкеюі, тынысын ұстап тұруы, басқа да қозғалыстар көрінеді. Атап айтқанда бала есту арқылы қоршаған ортадағы сөзді қабылдайды, өзінің дыбыстауына бақылау жасауы өте маңызды. Баланы үнемі дұрыс сөйлемеуі әдетке айналмау үшін түзетіп отыру керек, артынан оны түзету өте қиынға соғады. Сөйлеудің қалыптасуы ең алдымен ересектермен күнделікті қарым-қатынаста болуымен байланысты. Бала мектептен немесе серуеннен оралғаннан кейін, міндетті түрде мектепте не істегені туралы, қандай тапсырмалар болды, соны баладан сұрап отырыңыз. Егер балаға айтып беру қиын болса, жетектеуші сұрақтар қойып көріңіз. Сонымен қатар балаға тыңдауды және дыбыстарды ажыратуды үйрету аса қажет. Баланың дыбыс қабылдауының дамуына себеп болатын кезкелген ойындарды ойлап тауып, тақпақтар мен жаңылтпаштарды жиі қолданған дұрыс. Сөйлеудің дамуы моториканың дамуымен, әсіресе ұсақ қол моторикасының дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан балаларды пирамидалармен, кубиктермен, мозаикалармен қызықтыруға тырысу керек. Тапсырмаларға кіріспес бұрын бала әсіресе қандай дыбыстарды бұзып айтатынын біліп алу керек. Ол үшін оған атауларында керекті дыбыстары бар, барлық суреттер ұсынылады. Егер бала бірнеше дыбыстарды дұрыс айтпаса, берілетін тапсырманы көбірек анық айтатын дыбыстардан бастаған жөн. Ата-аналар баламен жұмыс жасай бастағанда тек ойын түрде берілген қызықты тапсырмалар ғана тиімді болатынын есіне алуы қажет. Ойын қызықты және түсінікті болу керек, кейде балаға жақсы сабағы үшін сыйлық берген жөн. Логопедиялық тапсырмалар баланы мектепке дайындауға ерекше орын алады. Дыбыстарды айтып үйренуді бастамас бұрын бала дұрыс айтпайтын дыбыстарды меңгеруге сөйлеу мүшелерін дайындайтын бірнеше артикуляциялық, тыныс алу жаттығуларын орындау керек. Сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету балаға сауатты оқу, жазуды меңгеруіне ықпал жасайды және де қандай да болсын ортада өз ойын анық жеткізуіне мүмкіндік береді.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив